Мектеп тарихы
Мекеме тарихы
Май ауылы «Авангард» совхозының орталығы болған. Ол Шелек ауылының оң жақ шығысында орналасқан шағын ауыл. Кеңес Одағы кезінде темекі , мал, егін шаруашылығымен айналысқан. «Қызыл баз» мал бордақылау, «Торғай баз» сүт фермасы болды. Осы шаруашылықта еңбек ететін еңбекшілердің балаларын оқытуға арналып, Май ауылында 1987 жылы 392 орындық мектеп салынды. Мектепке Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың есімі берілді. Мектептің алғашқы директоры болып сол кездері аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып істеген Арзиев Нуридин Афердинович тағайындалды. Оқу ісінің меңгерушісі болып Темірғалиева Ботагөз Ыдырысқызы істеді.Алғашында орталау мектеп, кейіннен орта мектеп болды.1993-94 оқу жылы алғашқы түлектерін ұшырды. 1993-1994 оқу жылы Арзиев Нуридин Афердинович аудандық білім бөліміне кадрлар бөліміне жұмысқа ауысуына байланысты, мектеп директорының орнына Амиртаева Күлсімхан келді. Оқу ісінің орынбасары математика пәнінің мұғалімі Сейтенова Құралай Сейтқасымовна, тәрбие ісінің орынбасары Тлекеева Клара Бокенбаевна болды. 1994-1995 оқу жылы мектеп директоры Сейтенова Құралай Сейтқасымовна, оқу ісінің меңгерушісі Тлекеева Клара Бокенбаевна , тәрбие ісінің меңгерушісі Рахмединова Лена Акимовна істеді. 1995-1998 оқу жылдары мектепті, аудандық білім бөлімінің әдіскері болып істеген Худайбергенов Мусажан Мусаевич басқарды.
1998-2001жылдары мектеп директоры болып Искаков Маруп Масимжанович істеді. Оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Нурсалимова Айман Мыркасымовна тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Әлім Райхан Жаманаққызы істеді. 2001-2008 жылдары мектеп директоры болып Рахымбаева НұрсұлуӘбдікерімқызы , оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Әлім Райхан Жаманаққызы,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Сүтбекова Зәуре Даменовна істеді. 2008-2012 жылдары мектеп директоры болып Есжанова Сұлу Мусахановна, оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Асылбаева Улбике Бикеновна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Сүтбекова Зәуре Даменовна істеді. 2012-2013 оқу жылдары мектеп директоры болып Абдилдаев Сламжан Абилдаевич істеді. 2013-2014 оқу жылынан бастап Қойайдаров Нуркен Идрисович істеп келеді.
Мектепте ашылғаннан бері жұмыс жасап келе жатқан ұстаздар: бірінші санатты, технология және сызу пәні мұғалімі, Надрузбеков Болат , жоғарғы санатты, математика пәні мұғалімі Әлім Райхан Жаманаққызы 1998 жылдан 2001 жылға дейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 2001 жылдан 2006 жылға дейін оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарды, жоғары санатты, тарих пәні мұғалімі Байдильдаева Майгул Талапбаевна, бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі Муталипова Кариман Рашитжановна.
Осы мектеп ашылғаннан еңбек етіп құрметті демалысқа шыққан ұстаздар: бастауыш сынып мұғалімі Беделова Екатерина Ивановна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жайлибаева Куляш Салимгереевна, бастауыш сынып мұғалімі Алиаскарова Ұлбосын Аскаровна, бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Күлбүбі Қызырбаққызы.
Осы мектепте бір жыл кейін келіп осы күнге дейін жоғары санатты, бастауыш сынып мұғалімі Рузиева Гузель Исрапуловна, еңбек және бейнелеу өнері пәндері мұғалімі Исмаилова Гулмира Исрапуловна жұмыс жасап жүр.
1995 жылдан 2000 жылға дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған Асылбаева Улбике Бикеновна, 2000 жылы ұйымдастырушы педагог, 2001 жылдан оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарып келеді .
1990-1991 Қалдыбаев Данияр оқу жылы 9 сыныптан кейін Талғарда бухгалтер-экономист мамандығы бойынша білім алды.2006 жылы АГУ-де дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім алды. Қазіргі таңда осы мектепте мұғалім болып қызмет жасайды.
1994-1995 Қалдыбаев Дамир оқу жылында мектепті бітіріп,1999 жылы АЗВИ –ді оқып бітірді. Қазіргі таңда Малыбай Округінің әкімі қызметін атқарады.
1997-1998 оқу жылында Белекова Алия үздік аттестатпен бітірді. Сол жылы ҚазМУ-не оқуға түсіп,оқып бітірді. Қазіргі таңда Қазақ спорт туризм академиясында аға оқытушы және Қаз НПУ психология-педагогика мамандығының грант бөлімінің 1-курс доктаранты, «Құзыреттілік амалдары», «Әлеуметтік педагогика» атты еңбектері кітап болып басылған.
1997-1998 оқу жылында Қалдыбаев Ербол мектепті бітірді. 2004 жылы «Дарын» университетін бітірді. Қазіргі таңда Салтыков атындағы физика-математика мектеп интернатының меңгерушісі. 1997-1998 оқу жылында Қалдыбаев Нұрбол мектепті бітірді. 2004 жылы «Дарын» университетінің бітірді . Қазіргі таңда Алматы қаласында 68 мектеп-гимназиясында мұғалім болып қызмет жасайды. Қалдыбаев Азамат 2000-2001 оқу жылында мектеп бітірді.Кәзіргі таңда Алматы қаласындағы ішкі істер полициясының қызметкері,аға лейтенант.
Жайлыбаева Найля 1998-1999 оқу жылы мектепті үздік аттестатпен бітірді. Халық шаруашылық институтын экомономика факультетін бітіріп Астана қаласында экономист мамандығы бойынша қызмет етеді.
1998-1999 оқу жылында үздік аттестатпен Арынова Құралай бітірді. Сол жылы Қазақ ұлттық Асфандияров атындағы медицина факультетіне түсіп, бітіріп, сол мекемеде жұмысқа тұрды. Кәзіргі таңда фармацевтика саласы бойынша Р h докторлық дәрежесін қорғауда .
Исеев Расул 1998-1999ж мектепті бітіріп, Қазақ ұлттық Асфандияров атындағы медицина университетінің хирургия факультетін бітіріп, мамандығы бойынша Алматыда жұмыс жасайды.Зайнаудинов Ринат 1998-1999ж мектепті бітіріп, Қарағанды медицина институтының хирургия факультетін бітіріп, Талғар қаласында бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2000-2001 оқу жылы Бектасов Мади мектепті бітіріп, Алматы «Дарын» әлеуметтік –экономикалық колледжді бітірді. Қазіргі таңда Шелек ауылдық округының әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Арынова Ақмарал 1999-2000 оқу жылында 9 сыныпты үздік куәлікпен бітіріп, 10 сыныптан соң Алматыға көшуіне байланысты 11 сыныпты қалада №38 мектепті үздік аттестатпен бітіріп, Қазақ ұлттық Асфандияров атындағы жалпы медицина факультетіне оқуға түсті. Оқу орнын бітірген соң сол салада Алматы қалалық №5 ауруханада терапевт-ренгенолог мамандығы бойынша жұмыс жасайды.
Бугутова Назерке Ахметжановна Колледж КазИТУ-РЭТ 2008-2010жж, Универ КазИТУ-РЭТ 2010-2013жж бітірген, Қазіргі таңда ТОО «Оптовый клуб» тексерушісі болып жұмыс жасайды.
Бугутов Алмас Ахметович КИНЭУАлатау (Қазақстан- инженерлі-экономикалық университет) 2004-2008жж қаржы-кредит мамандығы бойынша бітірді. ТОО ОГО Интеройл менеджер болып істейді.
Бугутова Арайлым Ахметжановна Мед.колледж «Интердент» 2005-2008 ж медбике мамандығы, КазИТУ 2010-2013 ж биотехнология факультетін бітірді. Стоматологияда әкімші болып істейді.
Батырбаева Лаура ЕПУ қызыл дипломмен бітіріп, Абай атындағы ҚазМПУ бастауыш сыныпты оқыту методикасы факультетін бітірді.
Батырбаева Дина ЕПУ қызыл дипломмен бітіріп, Терешкова атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі.
Батырбаева Ұлжан 2009-жылы мектепті бітіріп, ЕГЭК қызыл дипломмен бітірді, ҚазНПУ педагог-психолог мамандығы бойынша білім алып, қызыл дипломмен бітірді, Алматыда №71 балабақшада әдіскер-психолог болып істейді.
2006-2007 оқу жылы Ибраева Шатмира мектепті бітіріп, 2007-2014 жыл аралығында мед университетте, 2014-2016 жылдары магистратурада оқыды. 2015 жылдан бері Алматы қаласындағы №15 поликлиникада емдеуші дәрігер болып жұмыс істейді.
2008-2009 оқу жылы Әлімова Элмира ЕНТ –де 98 балл алып, Қазақ Ұлттық Әлфараби атындағы университетінің шығыстану факультетіне түсіп, оқып бітіріп, сол мекемеде сабақ береді.
2009-2010 оқу жылында Болат Ерғалым мектепті бітірді. ЕНТ-де 100 балл алып, Қазақ Бас сәулет университетіне ФГС факультетіне оқуға грант бойынша түсіп, оқып бітірді. Қазіргі таңда Қазком банкте қызмет етеді.
2009-2010 оқу жылында Мырзалы Мирас мектепті бітірді. ЕНТ-де 107 балл алып, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мал дәрігерлік факультетіне оқуға грант бойынша түсіп, оқып бітірді. Қазіргі таңда Қаражота округінде мал дәрігері болып қызмет жасайды.
Батырбай Мадина 2010-2011 жылы мектепті бітірді. КРМУ интерн дәрігер мамандығы бойынша оқып және жұмыс жасап жатыр.
Семенбакиева Зарина 2012-2013 оқужылы мектепті бітірді. Қыздар ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология факультетіне грант бойынша оқуға түсті.
Батырбай Еламан 2014-2015 жылы мектепті, 2017 ЕГЭК қызыл дипломмен бітірді. Батырбаева Айжан 2014-2015 оқу жылы 9 сыныптан кейін ЕГЭК-те оқып жатыр.
Жайлыбаева Сабиля үздік аттестатпен бітірді.
Жайлыбаев Иляс үздік аттестатпен бітірді.
<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}